Skip to content

Жаңалықтар

#Біртұтас_тәрбие

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп оқушыларына «Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым» атты кітапханалық сабақ өткізілді.

Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. Ұлттық тәрбие туралы естерінде қалдыру. Іс-шара барысында кітаптар көрмесі безендіріліп, Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар туралы әдебиеттер қойылды. Ұлыстың ұлы күнін тойлаудағы ұрпақтар сабақтастығының маңызын дәріптейтін «Жеті қазына», «Қазақтың бата-тілек өсиеттері» туралы бейнероликтер көрсетілді.

17 наурыз – “Домбырашылар” челленджі Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп – гимназиясындағы “Өнер” мектебіміздің жас домбырашыларының назарынан тыс қалған емес. Бұл челлендждің мақсаты білім алушылардың эстетикалық, патриоттық сезімдерін, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, балалардың домбыра тарту мәдениетін насихаттау, еліміздің мәдени мұрасын сақтау. “Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра” демекші, бұл аспап ата-бабамыздың рухани мұрасы, ұрпағына қалдырған аманаты. Сондықтан әр қазақ баласы екі ішекті шерте білуі міндет емес пе?!

#қазақкүйі

#домбырашылар

#домбристыказахстан

#күйойнайдытөрімде

Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп гимназиясының төрінде Көрісу күні қалай өтті?

Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп гимназиясының төрінде Көрісу күні қалай өтті?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *